Қазақстандық таеквондошы Пәкістандағы турнирде қола алды

Қазақстандық таеквондошы Пәкістандағы турнирде қола алды
Жекпе-жек

ҰОК

Қазақстан таеквондодан Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан President Cup турнирінде үшінші жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.  

Ерлер арасында 63 келіге дейінгі салмақта Азия Ниязов жарыста қола медальға ие болды. Айта кетейік, бұған дейін Нұрай Бауыржанова мен Рита Бакишева (49 келіге дейін) қола медаль еншілеген еді.

Халықаралық турнир 20 тамызда аяқталады.