Дзюдодан Венгриядағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандықтар анықталды
ҰОК
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Венгрияның Будапешт қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Аталған бәсекеде ел намысын 15 спортшы қорғайды.
Ұлттық құраманың толық тізімі келесідей:
Ерлер
60 келіге дейін:Мағжан Шамшадин, Нұраділ Әлжан
66 келіге дейін: Ақжігіт Насыр, Мейірбек Байзақов
73 келіге дейін: Есет Қуанов, Ерсұлтан Дүйсенхан
81 келіге дейін: Досхан Жолжақсынов
90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков, Даниил Крылов
100 келіге дейін: Асқар Біржанов
100 келіден жоғары: Ғалымжан Қырықбай, Жантілек Нұртілепұлы
Әйелдер
48 келіге дейін: Диана Бүркеева
78 келіден жоғары: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова
Айта кетейік, халықаралық турнир 11-13 қыркүйек аралығында өтеді.