Еуропа лигасы: «Қайрат» өз алаңында «Андерлехт» командасынан жеңілді
Футбол
«Қайрат» футбол клубы
Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде «Қайрат» командасы «Андерлехтпен» кездесті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Орталық стадионда өткен алғашқы матчта алматылықтар 0:3 есебімен қарсылас командаға есе жіберді. Бельгиялықтар ойынның 2-минутында есеп ашты. Бұрыштамадан көтерілген допқа жанасқан Якко Оксанен өз қақпасына гол соғып алды. Ал 31-минутта «Андерлехт» сапынан Лукас Амброс мергендігімен көзге түсті. Бірінші тайм аяқталар тұста украиналық легионер Данилл Сикан бельгиялық клубтың басымдығын арттырып, үшінші голды салды.
Матчтың екінші бөлігінде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. Осылайша «Қайрат» өз алаңында 0:3 есебімен жеңілді.
Енді қарымта ойын 27 тамыз күні Бельгияда өтеді.