Елордалық «Барыс» Башқұртстан кубогы турнирін жеңіспен аяқтады
«Барыс» хоккей клубы
Астаналық «Барыс» Ресейдің Уфа қаласында өткен Башқұртстан Республикасы кубогы турнирін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Bassport.kz Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық команда бүгін үшінші кездесуінде Ресеййдің «Лада» (Тольятти) клубымен шеберлік байқасты.
Командалар бірінші кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңде алдымен ресейлік клубтан Расим Шакиров 22-минутта мергендік танытса, 24-минутта елордалық клубтан Аңсар Шайхмедденов өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Ойынның 58-минутта «Барыс» сапынан Семен Симонов қорытынды есепті белгіледі. Осылайша олар қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнирді жеңіспен аяқтады. Дәстүрлі турнир барысында қазақстандық команда бұған дейін 17 тамызда Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) клубына 1:4, «Амур» (Хабаровск) ұжымына 1:5 есебімен есе жіберген еді.
Турнир барысында «Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец төмендегі хоккейшілерге сенім білдірді.
Ойыншылар тізімі
Қақпашылар: Хантер Шепард, Андрей Шутов, Владислав Нурек.
Қорғаушылар: Джейк Масси, Иэн Маккошен, Чейз Приски, Дамир Бритиков («Снежные Барсы»), Бейбарыс Оразов, Логан Дэй, Самат Данияр, Әділ Бекетаев, Темирлан Айболұлы («Снежные Барсы»), Мәди Диханбек. Шабуылшылар: Тайс Томпсон, Абзал Әлібек, Всеволод Логвин, Дінмұхамед Қайыржан, Гарретт Пилон, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Асанәли Саркенов, Кирилл Ляпунов, Аркадий Шестаков, Семён Симонов, Аңсар Шайхмедденов, Тимур Миндубаев («Снежные Барсы»), Батырлан Мұратов, Кирилл Савицкий. Енді қазақстандық команда Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жалауын көтеретін Николай Пучков атындағы турнирде бақ сынайды. Бұл турнир барысында елордалық клуб Ресейдің СКА (Санкт-Петербург), «Адмирал» (Владивосток) және СКА-ВМФ (Санкт-Петербург) командаларымен шеберлік байқасады.
Турнир барысында олар алдымен 27 тамызда СКА клубымен кездессе, одан кейін 28 тамызда СКА-ВМФ, 29 тамызда «Адмирал» клубына қарсы ойнайды.
Команданың 2026/27 жылғы ҚХЛ маусымына дайындықтың қорытынды кезеңі 31 тамыз-6 қыркүйек аралығында «Барыс Аренада» өтеді.