Еркін күрес: Бекасыл Асамбек әлем чемпионатының жартылай финалына өтті
Жекпе-жек
ҰОК
Қазақстандық еркін күрес шебері Бекасыл Асамбек Братиславада (Словакия) өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ширек финалда қазақстандық балуан ресейлік Зелимхан Чаниевті сенімді түрде жеңді.
Бекасылдың келесі қарсыласы жапониялық Ицуки Енасиро болмақ.
Жартылай финал бүгін, 20 тамызда өтеді.