Грек-рим: Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады
Жекпе-жек
ҰОК
Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында грек-рим күресінен бәсекелер аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл додада бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
67 келіге дейінгі салмақта белдескен Қазыбек Қалмағамбетов алтын медаль иеленіп, өз салмағында үздік атанды.
Медальдар есебінде Қазақстан жетінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды үш алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған Ресей құрамасы иеленді. Әзірбайжан екінші орынға ие болды (1 алтын, 1 күміс, 3 қола). Үшінші орынды Армения мен Өзбекстан бөлісті. Олардың еншісінде бір алтын, бір күміс және екі қола медальдан бар.