Қазіргі бессайыстан әлем чемпионатында бақ сынайтын қазақстандықтар белгілі болды

Қазіргі бессайыстан әлем чемпионатында бақ сынайтын қазақстандықтар белгілі болды
Басқа

Olympic.kz

Қазақстан құрамасы қазіргі бессайыстан Испанияның Мадрид қаласында өтетін U19 әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Бапкерлер штабы жарысқа қатысатын жеті спортшыны таңдады. Мадридте Қазақстан намысын Ерасыл Артықбай, Степан Варехин, Артур Лапин, Амаль Кусаинов, Диана Щедрова, Сабина Ахмедина және Яна Беспалова қорғайды. Әлем чемпионаты 22-28 тамыз аралығында өтеді.