Су добынан әйелдер арасында ел үздіктері анықталды
Басқа
ҰОК
Тараз қаласында су добынан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған ел біріншілігінде Қазақстанның әр өңірінен үздік командалар бас қосты.
Финалда Тараз және Алматы құрамалары өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Тараз командасы ел чемпионы атанды.
Ал Алматы командасы екінші орынға ие болса, Астана үздік үштікті түйіндеді.