Ауыр атлетика: Төрехан Асанхан Азия чемпионатында күміс жүлде алды
Басқа
ҰОК
Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлде түсті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Төрехан Асанхан 70 келіге дейінгі салмақта жас жеткіншектер арасында екінші орын алды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 269 (119+150) келіні еңсерді.
Таиланд өкілі Витчая Пратхумта алтын жүлдеге ие болды - 273 (119+154) келі. Иран спортшысы Реза Замани үздік үштікті түйіндеді - 268 (122+146) келі.