Алан Құрманғалиев үстел теннисінен АҚШ-тағы турнирде топ жарды
Теннис
ҰОК
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев АҚШ-тың Спокан қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Жарыс барысында Алан төрт кездесу өткізді. Қазақстандық спортшы америкалық Алекс Лоны 3:1, Абхинав Ширбхатты (АҚШ) 3:0 және Эндрю Цаоны (АҚШ) 3:0 есебімен жеңді.
Ал финалда Құрманғалиев аустралиялық Чулун Не Чулунды 3:1 есебімен жеңіп, турнирді бірінші орынмен аяқтады.