Қазақстан боксшылары Әлем кубогының алғашқы кезеңінде жеті медаль жеңіп алды
Бокс
Zakon.kz
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен World Boxing турнирінің алғашқы кезеңінде Қазақстан құрамасы жеті медаль еншіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Алтын медаль иегерлері:
• Сұлтанбек Айбарұлы — 85 кг
• Виктория Графеева — 60 кг
• Валерия Аксенова — 80+ кг
Күміс жүлдегер:
• Аида Әбікеева — 60 кг
Қола жүлдегерлер:
• Диас Молжігітов — 80 кг
• Алуа Балқыбекова — 51 кг
• Жібек Жарасқызы — 80 кг
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Бразилиядағы жарысқа жалпы 16 боксшымен барған болатын. Оның ішінде 9 ер боксшы және 7 әйел боксшы бар.