Александр Бублик ATP-ден арнайы марапат алды

Александр Бублик ATP-ден арнайы марапат алды
Теннис

NUR.KZ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP рейтингінің үздік ондығына енгені үшін арнайы марапатқа ие болды. Теннисші бұл қуанышты жаңалығын өзінің Telegram арнасында бөлісіп, ATP табыстаған арнайы трофейді көрсетті.

«Говорят, тоже чё-то могу», — деп жазды Бублик марапатпен түскен суретінің астына.

Еске салсақ, Александр Бублик биыл қаңтар айында Hong Kong Open турнирінде жеңіске жетіп, алғаш рет әлемдік рейтингтің ТОП-10 қатарына енген болатын. Қазіргі таңда қазақстандық теннисші ATP рейтингінде 11-орында тұр.

Ал Испания астанасы Мадрид қаласында өтіп жатқан турнирде Бублик жекелей сында жарысты ерте аяқтады. Дегенмен жұптық сында ол австралиялық Марк Полманспен бірге сәтті бастады.

Бұл марапат Александр Бубликтің әлемдік теннистегі орнын айқындап, оның жоғары деңгейдегі ойыншы екенін тағы бір дәлелдеді.