Елена Рыбакина маусым көшбасшысы атанды

Елена Рыбакина маусым көшбасшысы атанды
Теннис

NUR.KZ

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымда жеңістер саны бойынша WTA және ATP турларындағы барлық теннисшілерді басып озып, жылдың көшбасшысына айналды.

Мадридте өтіп жатқан беделді турнирдің үшінші айналымында қазақстандық спортшы қытайлық Чжэн Циньвэнь теннисшіні жеңді. Бұл Рыбакина үшін маусымдағы 27-жеңіс болды.

Осы нәтижеден кейін Елена ерлер арасындағы әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер көрсеткішін артта қалдырды. Италиялық теннисшінің биылғы маусымдағы жеңіс саны – 26.

Енді Елена Рыбакина Мадрид турнирінің 1/8 финалында австриялық Анастасия Потаповаға қарсы ойнайды.