Қазақстан жағажай волейболшылары Жағажайдағы Азия ойындары 2026 жарысын 1/8 финалда аяқтады

Қазақстан жағажай волейболшылары Жағажайдағы Азия ойындары 2026 жарысын 1/8 финалда аяқтады
Волейбол

Никита Басов

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан Жағажайдағы Азия ойындары 2026 аясында Қазақстан құрамасының өкілдері Сергей Богату мен Кирилл Гурин жарысты плей-офф кезеңінде аяқтады.

1/8 финалда қазақстандық жұп Ливан спортшылары Хади Эль Чабиб пен Джад Аби Карамға қарсы кездесті. Үш партияға созылған тартысты матчта қарсыластар 24:22, 18:21, 15:13 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге өтті.

Осы нәтижеден кейін Сергей Богату мен Кирилл Гурин турнирдегі өнерін аяқтады.

Бұған дейін Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад, сондай-ақ, Екатерина Рюхова мен Кристина Каримова өз кездесулерінде жеңіліп қалған еді. Ал топтық кезеңде Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко жарыстан шығып қалды.