Семейдің серпінді маусымы
Семей футзал клубы Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңін сәтті аяқтап, турнир кестесінде жоғары орындардың бірінен көрінді. Команда маусым бойы тартымды ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлер сенімін толық ақтай білді.
Кеше 33-34 тур аясында семейліктер «Ақтөбе» клубымен кездесіп, екі матчта да айқын басымдық танытты. Алғашқы ойында қарсыласын 9:0 есебімен тас-талқан етсе, екінші кездесуде 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бұл нәтижелер команданың қазіргі бабында екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Енді семейлік клубты алда чемпионаттың шешуші кезеңі – плей-офф ойындары күтіп тұр. Мамыр айында өтетін тартысты кездесулерде команда жүлделі орындар үшін күрес жүргізбек.
Ал оған дейін семейліктерді жауапты ойындар легі күтіп тұр. 3-4 сәуір күндері команда «Атырау» клубымен шеберлік байқасады. Бұдан кейін «Сарыарқа» (Қарағанды), «Қайрат» секілді мықты қарсыластармен кездесулер өткізеді. Тұрақты кезеңнің соңғы матчтары Ақтаулық «Каспийге» қарсы өтеді.
Дәуренқызы Еркенұр