"Қайрат" ширек финалдың алғашқы ойынында жеңілді
Футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасы ширек финалының алғашқы матчында испаниялық "Картахенадан" жеңілді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Екі ойынға жалғасатын теке-тірестің алғашқы матчы Алматыда өтіп, испаниялық команданың жеңісімен аяқталды - 2:1. Алаң иелері ойынның 21-минутында қақпашы Вандесон Силваның көмегімен есеп ашқан. Одан кейін "Картахена" он секунд ішінде таразы басын теңестіріп, және есепте алға шығып үлгерді. Кездесудің 25-минутында соғылған екі голды Дарио Хуль мен Жуниньо өз есептеріне жазды.
Алматылық және испаниялық клубтардың қарымта кездесуі 6 наруызда өтеді деп жоспарланған. Екі матчтың қорытынды есебінің нәтижесінде екі команданың бірі Төрттік финалға шығады.
Еске салайық, УЕФА Чемпиондар Лигасы ширек финалында "Қайраттан" бөлек, "Семей" Қазақстан намысын қорғап жатыр. Команда ширек финалда франциялық "Этуальмен" сынға түседі.