Қазақстан құрамасы Өзбекстанды жеңіп, Азия кубогына жолдама алды
Баскетбол
ҚРТСМ
Астанада баскетболдан 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия кубогының іріктеу турнирі аяқталды.
Орталық Азия аймағындағы іріктеуге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан құрамалары қатысты. Қазақстандық баскетболшылар турнир барысында сенімді ойын өрнегін көрсетіп, екі кездесуде де айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Алғашқы ойында отандастарымыз Қырғызстан құрамасын 75:34 есебімен ойсырата ұтты. Ал шешуші матчта Қазақстан қыздары Өзбекстанды 89:41 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленіп, қыркүйек айында Таиландта өтетін Азия кубогына жолдама алды.