Қазақстан – Комор аралдары арасындағы ойынның негізгі құрамдары жарияланды

Қазақстан – Комор аралдары арасындағы ойынның негізгі құрамдары жарияланды
Футбол

KazFootball.kz

Бүгін Астана қаласында FIFA Series аясындағы қорытынды матч өтеді. Алаңда Қазақстан құрамасы мен Комор аралдары құрамасы кездеседі. 

Кездесу Астана Арена стадионында сағат 17:00-де басталады. Матч алдында екі команданың да бастапқы құрамдары белгілі болды.

Қазақстан құрамасы:

Анарбеков, Әшірбек, Қасым, Әліп, Вороговский, Оразов, Қуат, Самородов, Чесноков, Өміртаев, Кенжебек.

Комор аралдары құрамасы:

Мшиндра, Абдалла, Кари, Кенан, Саид-Ммади, Саинду, Ияд Мохамед, Рауф, Маттуар, Абубакар, Закуани.

Айта кетейік, Талғат Байсуфинов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы турнирдің алғашқы ойынында Намибия командасын 2:0 есебімен жеңген болатын. Кейін намибиялықтар Комор аралдарын пенальти сериясында 5:4 есебімен ұтты.

Сондай-ақ, бұл турнирге Кувейт құрамасы да қатысуы тиіс еді, алайда Таяу Шығыстағы әскери жағдайға байланысты жарыстан бас тартты.