Ақтөбеде жаңа футбол клубы таныстырылды
GOV.KZ
Ақтөбе өңірінде жаңа футбол клубы ресми түрде таныстырылды. «Хромтау» атауымен белгілі команда алдағы маусымда Қазақстан чемпионатының Екінші лигасына қатысады.
Клуб аймақ басшысы Асхат Шахаров тапсырмасымен құрылған. Команданың ойыншыларын таныстыру рәсімі өтіп, оған аудан әкімі Нұрхан Тлеумуратов қатысып, футболшылармен ашық форматта кездесу өткізді.
Шара соңында ойыншыларға арнайы спорттық киім табысталды. «Хромтау» клубы Қазақстан Біріншілігінің Екінші лига командалары арасында бақ сынайды.
Айта кетейік, бұл жоба мүлде жаңа емес. Бұған дейін Хромтау қаласының намысын қорғаған «Горняк» клубы 1990–2008 жылдары өнер көрсеткен. Команда 1993 жылы Қазақстан чемпионатында қола жүлдегер атанып, ел футболында өз ізін қалдырған.
Қазіргі таңда өңірдің негізгі өкілі — «Ақтөбе» клубы Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетіп келеді.