«Семей» футзал клубында бапкерлік құрамда өзгеріс

«Семей» футзал клубында бапкерлік құрамда өзгеріс
Футзал

“Семей” ФК

«Семей» футзал клубы бапкерлік құрамында өзгеріс болды. Аслан Смақов клубтың бас бапкері қызметінен кетті. 

Клубтың ресми мәліметіне сәйкес, бұл шешім маманның өз бастамасымен қабылданған. Аслан Смақов «Семей» клубында жұмыс істеген уақытында команда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Оның жетекшілігімен ұжым екі рет Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанып, бірқатар маңызды жарыстарда табысты өнер көрсетті. Бұл жетістіктер клубтың ұлттық футзал аренасындағы позициясын нығайтуға ықпал етті.

Айта кету керек, маман клуб құрылымынан толық кетпейді. Ол «Семейдің» дамуына жаңа рөлде үлес қосуды жалғастырады.

Ал команданың бас бапкері міндетін атқару клуб бапкерлер штабының мүшесі Серджи Альтисентке жүктелді. Бұған дейін ассистент қызметін атқарған маман енді команданы алдағы жарыстарға дайындаумен айналысады.

Дәуренқызы Еркенұр