Олимпиада-2026: АҚШ құрамасы Словакияны сенімді жеңіп, финалға шықты

Олимпиада-2026: АҚШ құрамасы Словакияны сенімді жеңіп, финалға шықты
Хоккей

АҚШ - Словакия. Сурет: Jamie Squire / Getty Images

Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарының ерлер арасындағы хоккей бәсекесінің финалына шыққан екінші құрама белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Жартылай финалдың екінші матчында АҚШ пен Словакия құрамалары кездесіп, алтын жүлде үшін болатын ойынның жолдамасын өзара сарапқа салды. 

Ойын 6:2 есебімен америкалық хоккейшілердің пайдасына аяқталды. АҚШ құрамасы сапынан Дилан Ларкин, Тейдж Томпсон, Джек Айкел мен Брэди Ткачук көзге түсіп, Джек Хьюз дубль авторы атанды. Ал Словакия құрамасы сапынан Юрай Слафковски мен Павол Регенда өз есептеріне бір шайбадан жазды. 

Осылайша, АҚШ құрмасы финалда Канадамен кездесетін болды. Ал Словакия мен Финляндия қола жүлдеге таласады. 

Олимпиада ойындарының қола жүлде үшін өтетін матчы бүгін, 21 ақпанда Астана уақытымен сағат 00:30-да басталады. Финал 22 ақпанға, елорда уақытымен сағат 18:00-де басталады деп жоспарланған.