Олимпиада-2026: Қазақстандық шаңғышылар масс-стартта қандай нәтиже тіркеді

Олимпиада-2026: Қазақстандық шаңғышылар масс-стартта қандай нәтиже тіркеді
Қысқы спорт

Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстан ерлер құрамасы шаңғы жарысынан Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы жарыс жолын аяқтады. Ерлер бағдарламасындағы соңғы жарыс түрі классикалық әдіспен 50 шақырым қашықтыққа масс-старт сайысы болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл сында Қазақстан намысын Наиль Башмаков пен Әмірғали Мұратбеков қорғады. Башмаков 12,6 шақырымнан кейін жарысты жалғастыра алмай, қашықтықтан шығып қалды. Ал Мұратбековті көшбасшылар бір айналымға басып озып, ол да мәреге жете алмады.

50 шақырымдық масс-стартта норвегиялық Йоханнес Клебо жеңіске жетіп, Олимпиадада алты жарыстың алтауында топ жарды. Күміс жүлдені оның отандасы Мартин Нюэнгет иеленді. Қола медаль Эмиль Иверсенге (Норвегия) бұйырды.