Олимпиада-2026: хоккейден ширек финалға шыққан ерлер құрамалары белгілі болды
Канада - Чехия. Сурет: Gregory Shamus/Getty Images
Италияда өітп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының ерлер арасындағы хоккей бәсекесінің ширек финалына шыққан барлық құрамалар белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Кеше сегіз құрама - Германия мен Франция, Чехия мен Дания, Швейцария мен Италия, Швеция мен Дания ширек финал жолдамасын өзара сарапқа салды. Іріктеудің бұл кезеңінде Германия, Чехия, Швейцария мен Швеция жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.
Енді олар бүгін бұған дейін бұл кезеңге тікелей жолдама алған Канада, Словакия, АҚШ пен Финляндия құрамаларына қарсы ойнайды.
Ширек финалдағы жұптар мен матчтардың басталу уақыты келесідей (басталуы Астана уақытымен көрсетілген):
16:10 - Словакия - Германия
20:40 - Канада - Чехия
22:10 - Финляндия - Швейцария
01:10 - АҚШ - Швеция