Канада Олимпиада ойындарының финалына шықты
Канада ерлер құрамасы. Сурет: Bruce Bennett / Getty Images
Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының хоккейден ерлер арасындағы турнирінің алғашқы финалисі анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Финалдың алғашқы жолдамасын Канада мен Финляндия құрамалары өзара сарапқа салды. Кәрі құрлық өкілдері бірінші кезеңде бір, екінші жиырма минуттықта тағы бір шайба соғып, 0:2 есебімен алда тұрған. Алайда екінші кезеңнің соңына қарай Кнада есеп айырмасын қысқартып, ойынның қорытынды бөлігінде таразы басын теңестіріп қоймай, матчтың аяқталуына 36 секунд қалғанда есепте алға шықты. Осылайша, Канада ерлер құрамасы 2014 жылдан бері алғаш рет Олимпиада ойындарының финалына шығып отыр. Команданың қарсыласы АҚШ пен Словакия құрамалары арасындағы ойыннан кейін белгілі болады.