Елизавета Голубева Олимпиаданың финалында қандай нәтиже тіркеді
Қысқы спорт
Елизавета Голубева. Сурет: Сали Сабиров / ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының мүшесі Елизавета Голубева Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында 16-орын алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Отандасымыз әйелдер арасындағы масс-старт жарысының финалдық кезеңінде сынға түсті. Шешуші жарыста Голубева 16-орында мәреге жетіп, Олимпиададағы жарыс жолын аяқтады.
Бұл бәсекеде алтын медальді нидерландтық Марейке Груневауд жеңіп алды. Күміс жүлде канадалық Иванье Блонденге бұйырды. Ал АҚШ спортшысы Миа Манганьелло қола медаль иегері атанды.