"Барыс" тағы да овертаймда жеңілді
"Барыс" - "Шанхай Дрэгонс". Сурет: "Барыс" ХК
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті ойынын астаналық "Барыс" қытайлық "Шанхай Дрэгонс" командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ойын есебін қытайлық хоккейшілер ашқанымен, айдын иелері Әлихан Әсетовтің көмегімен таразы басын теңестірді. Осы бірінші кезеңде "Барыс" Райли Уолш пен Мэйсон Мореллидің сан басымдығында соққан шайбаларының арқасында есепте алға шықты. Екінші кезең нәтижелі шабуылсыз өтсе, үшінші жиырма минуттықта қытайлық ұжым таразы басын теңестірді. Ал ойын тағдыры шешілген овертаймда "Шанхай Дрэгонс" мықтырақ болды.
"Барыс" - "Шанхай Дрэгонс" 3:4 ОТ (3:1, 0:0, 0:2, 0:1)
0:1 – 03:51 – Рендулич (Меркли, Куинни)
1:1 – 13:51 – Әсетов (Уолш, Логвин)
2:1 – 16:54 – Уолш (Веккьоне, Морелли) ГБ
3:1 – 17:55 – Морелли ГБ
3:2 – 46:49 – Фу С. (Саттер) ГМ
3:3 – 55:37 – Акользин (Меркли, Брынцев)
3:4 – 62:48 – Джозефс (Рендулич)
Қақпашылар: Бояркин – Тихомиров