Конькиші Елизавета Голубева Олимпиаданың финалына шықты

Конькиші Елизавета Голубева Олимпиаданың финалына шықты
Қысқы спорт

Елизавета Голубева. Сурет: Сали Сабиров / ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының мүшесі Елизавета Голубева Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Отандасымыз бүгін масс-старт жарысында бақ сынап жатыр. Сайыс жартылай финалдан басталып, біздің конькишіміз екінші топта өнер көрсетті. Финалға шығу үшін Голубеваға үздік сегіздік қатарынан көрінуі керек болған. Жерлесіміз мәре сызығын жетінші болып кесіп, финалға жолдама алды. 

Бұл сында Олимпиада ойындарының жүлдесіне 16 спортшы таласады. Финалдық сайыс Астана уақытымен сағат 21:15-те басталады.