Қазақ спортшысы әлем Кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Қазақ спортшысы әлем Кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
Қысқы спорт

Асылхан Асан / Сурет: Olympic.kz

Лэйк-Плэсидте (АҚШ) фристайл-акробатикадан Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Асылхан Асан үздік ондыққа еніп, оныншы орынға тұрақтады. Роман Иванов 11-орынды иеленді. 

Дінмұхамед Райымқұлов 14-ші, Шерзод Хаширбаев 23-ші, ал Ұланбәкір Өмірзақов 31-ші орынға тұрақтады.