Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирде топ жаруы үшін кімді жеңуі керек
Теннис
Елена Рыбакина. Сурет: Getty Images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 жарысында бақ сынайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингіде үшінші орында тұрған отандасымыз Индиан-Уэллсте өтетін турнирдің алғашқы кезеңіне қатыспайды.
Жарыстың өзге айналымдарындағы Елена Рыбакинаның мүмкін қарсыластары:
Екінші айналым: Эмилиана Аранго / Хейли Баптист;
Үшінші айналым: Марта Костюк / Мария Боузкова;
Төртінші айналым: Мэдисон Киз / Эмма Наварро;
Ширек финал: Джессика Пегула / Белинда Бенчич;
Жартылай финал: Ига Швентек / Мирра Андреева;
Финал: Арина Соболенко / Кори Гауфф / Аманда Анисимова.
Индиан-Уэллстегі WTA 1000 жарысы 1 наурызда басталды. Турнир 15 наурызда аяқталады деп жоспарланған.