Қазақ боксшылары Страндаж Кубогында төрт алтын медаль жеңіп алды

Қазақ боксшылары Страндаж Кубогында төрт алтын медаль жеңіп алды
Бокс

Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстан құрамасы бокстан София қаласында (Болгария) өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінде төрт алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Даниял Сәбит (50 келіге дейін), Элина Базарова (54 келіге дейін), Надежда Рябец (80 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) алтын медаль жеңіп алды. Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін) және Лаура Есенкелді (65 келіге дейін) күміс медальға ие болды. Ал Әнел Сақыш (54 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) қола жүлдемен жарысты аяқтады.