Михаил Шайдоров әлем чемпионатына қатыспайды

Михаил Шайдоров әлем чемпионатына қатыспайды
Қысқы спорт

Михаил Шайдоров. Сурет: Сали Сабиров / ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы Қазақстанның конькимен мәнерлеп сырғанау одағы хабарлады. 

2025 жылғы қаңтар мен 2026 жылғы ақпан аралығында Михаил Шайдоров әлем чемпионаты, Азия ойындары, Төрт құрлық чемпионаты, Гран-при кезеңдері мен финалы, сондай-ақ Олимпиада ойындарын қоса алғанда, ең ірі 10 халықаралық жарысқа қатысты. 

“Михаил бір жыл бойы жарыстарда сәтті өнер көрсетті. Бұл физикалық және психологиялық тұрғыдан өте үлкен жүктеме. Біз чемпионымызды күтіп, оған толыққанды демалыс беруді жөн көрдік. Ол сондай-ақ барлық қажетті сауықтыру және медициналық оңалту шараларынан өтуі керек”, - деді мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсем Қасанова.

23-29 наурыз аралығында өтетін Прагадағы әлем чемпионатында Қазақстан намысын Софья Самоделкина мен Диас Жиренбаев қорғайды.