Илья Мизерных ел рекордын жаңартты
Илья Мизерных. Сурет: Тұрар Қазанғапов / ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасының мүшесі Илья Мизерных ел рекордын жаңартты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Аустрияның Кульм қаласында өткен әлем Кубогының кезеңінде 2024 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерных шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстанның жаңа рекордының иегері атанды. Отандасымыз іріктеуде 219 метрге секіріп, ел рекордын жаңартты. Нәтижесінде, ол. 188.7 ұпаймен іріктеудегі жалпы есепте 14-орынға тұрақтады.
Еске салайық, Илья Мизерных жақында ғана Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында бақ сынап, үлкен трамплинде секіру сайысында сегізінші орынға тұрақтап, еліміздің төртжылдықтың басты бәсекесіндегі ең үзідк нәтижесін тіркеген.