Жеке кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады (ВИДЕО)

Жеке кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады (ВИДЕО)
Қысқы спорт

Станислав Шайдоров. Сурет: Instagram / @arsentomsky

Жеке кәсіпкер мәнерлеп сырғанаудан қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Кәсіпкер Арсен Томский мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі әрі алғашқы бапкері Станислав Шайдоровқа Audi Q8 автокөлігін тарту етті. Кәсіпкердің айтуынша, чемпиондықтың артында жылдар бойғы еңбек пен отбасының қолдауы тұр.

Ол Станислав Шайдоровтың ұлының спорттық жолын жалғастыруы үшін өз көлігін сатқанын да атап өтті. Автокөлікті табыстау рәсімінде Станислав Александрович көз жасына ерік берді.