"Тобыл" Қазақстан Суперкубогының иегері атанды
Футбол
"Тобыл" ФК. Сурет: ҚФФ
Футболдан 2026 жылғы Қазақстан Суперкубогында қостанайлық "Тобыл" жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
"Астана Аренада" өткен маусым басындағы ойында алматылық "Қайрат" пен қостанайлық "Тобыл" негізгі уақытта тең ойнады. Есеп - 2:2. Ойында Гуерра, Мрынский, Оксанен мен Тағыберген нәтижелі соққымен көзге түсті. Ал пенальти сериясында "Тобыл" 5:4 есебімен «Қайраттан» басым түсті.