Михаил Шайдоров Олимпиада гала-шоуында қандай бейнеде өнер көрсетті

Михаил Шайдоров Олимпиада гала-шоуында қандай бейнеде өнер көрсетті
Қысқы спорт

Михаил Шайдоров. Сурет: Image Photo Agency / Getty Images

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Милан мен Кортинадағы төртжылдықтың басты бәсекесінің гала-шоуында өнер көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Отандасымыз XXV қысқы Олимпиада ойындарының гала-концертінде Кунг-Фу Панданың костюмінде өнер көрсетіп, көрерменге осы бейнені таныстырды. Спортшы бірнеше секіру элементін де орындап үлгерді. 

Михаил Шайдоровтан өзге, гала-концертке Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сонымен қатар бірқатар арнайы шақыртылған Илья Малинин, Аделия Петросян, Адам Сяо Хим Фа сынды спортшылар қатысты.