Әлімханұлының допинг-сынамасы оң нәтижесі көрсетті

Әлімханұлының допинг-сынамасы оң нәтижесі көрсетті
Бокс

Getty Images

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы оң допинг-сынама тапсырған болуы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы The Ring журналының шолуышысы және беделді америкалық инсайдер Майк Коппингер жазды. 

Жәнібектің VADA-ға тапсырған допинг-сынамасынан мельдоний анықталған.

Осылайша, Қазақстан уақыты бойынша 7 желтоқсан күні таңда Эрисланди Лараға қарсы үш чемпиондық титул үшін өтетін жекпе-жек болмай қалуы мүмкін.