Олимпиада-2026: Владислав Киреев із кесу жарысында өнер көрсетті
Биатлон
Владислав Киреев. Сурет: ҚР ҰОК
Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасында із кесу жарысы аяқталды. Спринт қорытындысы бойынша із кесу жарысына Владислав Киреев жолдама алған болатын, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ол 51-нөмірмен, көшбасшыдан 2 минут 49 секунд айырмашылығымен жарыс жолына шықты. Төрт ату айлағы бар жарыста Киреев төрт рет мүлт кетіп, көшбасшыдан төрт минуттан астам уақытқа артта қалып, мәре сызығын 42-ші болып кесті.
Швециялық Мартин Пансилуома жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды норвегиялық биатлоншы Стурла Холм Легрейд иеленсе, үздік үштікті франциялық Эмильен Жаклен түйіндеді.