Серік Сәпиевке күш қолдану дерегі тіркеліп, қылмыстық іс-қозғалды
Бокс
Серік Сәпиев / Сурет: gov.kz
Қарағандыда бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында жанжал шықты. деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Оқиға 21 қаңтар күні спорт нысандарының бірінде болған. Алдымен сөзге келіп, кейін төбелеске ұласқан. Нәтижесінде Серік Сәпиев дене жарақатын алған. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, қазір барлық мән-жайды анықтап жатыр.
Айта кетейік, Серік Сәпиев қазір Қарағанды облысының спорт басқармасын басқарады, ал Дәурен Есімханов — самбо мен жекпе-жек спорттарынан танымал, атақты спортшы.