Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлауға уәде берді

Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлауға уәде берді
Қысқы спорт

Димаш Құдайберген. Сурет: Егемен Қазақстан

Әнші Димаш Құдайберген мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

- Мишабай, бауырым, Олимпиада алтыны құтты болсын! Құрметті ағайын, не деген мереке, не деген той! Мұз үстіндегі қимылың, өнерің сені бүгін тек чемпион ғана емес, дүйім жұртқа үміт пен рух, шабыт сыйлаған үлкен азаматымызға айналдың. Еліміздің саңлағы, менің досым, өзіңнің ағаң, халқынымыздың өкінішке қарай маңдайына сыймай кеткен асыл перзенті - Денисімізді жоқтатпай, ағаңның алдындағы, еліміздің, халқымыздың алдындағы борышыңды жоғары деңгейде өтедің. Болашақта мұз үстіндегі жолың жарқын, шабытқа толы болсын. Өнеріңмен әлемді бағындырып, жаңа белестерге жете бер. Бауырым, Олимпиадаға менің орындауымдағы әнді таңдап, мені де бір марқайтып, қуантып қойдың. Көптен-көп рақмет! Осы орайда саған өз атымнан аз да болса, көптей көр, темір тұлпар сыйлаймын. Astana Motors-қа кел, екеуміз де елге жетіп алайық. Көлік менің мойнымда. Жеңіс құтты болсын, ағайын!, - деді Димаш Құдайберген Instagram әлеуметтік желісінде жариялаған видеосында.