Қазақ боксшылары жаңа маусымға дайындықты жалғастырып жатыр
Сурет: Olympic.kz
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Түркістан облысында өткен оқу-жаттығу жиынынан кейін Испанияның Бенидорм қаласына аттанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұнда команда кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын 2 ақпанға дейін жалғасады. Одан кейін қазақстандық боксшылар халықаралық турнирге қатысады. Турнир 3-8 ақпан аралығында Ла-Нуссия қаласында өтеді. Төменде оқу-жаттығу жиынына және аталған турнирге қатысатын спортшылардың тізімі көрсетілген:
50 келі: Санжар Тәшкенбай, Нұрзат Оңғаров
55 келі: Махмұд Сабырхан, Бексұлтан Боранбек
60 келі: Серік Теміржанов, Дәулет Молдашев
65 келі: Санатәлі Төлтаев
70 келі: Төрехан Сабырхан, Нұрбек Мұрсал
75 келі: Тимур Нұрсейітов, Аман Қонысбеков
80 келі: Ерасыл Жақпеков, Азамат Бектас
85 келі: Нұрбек Оралбай
90 келі: Сағындық Тоғамбай, Оңталап Рахманов
90 келіден жоғары: Айбек Оралбай, Нұрасыл Асылхан