Олимпиада-2026: Павел Колмаков жарысты 1/8 финалда аяқтады
Қысқы спорт
Павел Колмаков. Сурет: Тұрар Қазанғапов/ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Фристайл-могулдан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Павел Колмаков Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Параллельді могулдан 1/16 финалда қазақстандық спортшы Франция өкілі Артур де Вилокурды сенімді түрде жеңді. Келесі кезеңде оның қарсыласы Олимпиада чемпионы, Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері канадалық Микаэль Кингсбери болды. Ширек финалға жолдама алу үшін өткен жарыста тәжірибелі канадалық басым түсті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан 2026 жылғы Олимпиада ойындарын аяқтады.