ATP: Жылдың қорытынды турнирінде қайғылы жағдай орын алды

ATP: Жылдың қорытынды турнирінде қайғылы жағдай орын алды
Теннис

ATP

Теннистен Туринде өтіп жатқан АТР маусымның қорытынды жарысында қайғылы жағдай орын алып, 70 және 78 жастағы екі жанкүйер көз жұмды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бұл туралы La Gazzetta dello Sport басылымы жазды.

Дереккөздің жазуы бойынша, 78 жастағы жанкүйер Лоренцо Музетти мен Тейло Фритц арасындағы матч кезінде есінен танып қалған. Ал таңертең фан-аймақта 70 жастағы ер азаматтың жағдайы нашарлаған. Екі жанкүйер де ауруханаға жеткізілгенімен, екеуін де аман сақтап қалу мүмкін болмаған. 

Еске салайық, жылдың қорытынды жарысы 9-16 қараша аралығында өтіп жатыр. Былтыр бұл турнирде италиялық Янник Синнер жеңімпаз атанған.