Қазақстан құрамасы Ислам ойындарының финалына шықты
Теннис
Нұрғали Жұмағазы
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам Ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Отандастарымыз жартылай финалда Түркияны 8:3 есебімен жеңді. Спортшыларымыздың матч барысында тіркеген нәтижелері төмендегідей:
Алан Құрманғалиев / Айдос Кенжіғұлов – Ибрахим Гундуз / Абдулла Йигенлер - 1:2
Кирилл Герасименко – Тугай Йылмаз - 3:0
Алан Құрманғалиев – Ибрахим Гундуз - 3:0
Кирилл Герасименко – Абдулла Йигенлер - 1:1
Айта кетейік, матч сегіз жеңіске дейін жалғасады.