Ел қоржыны Ислам ойындарының тағы бір алтынымен толықты
Теннис
Тұрар Қазанғапов
Үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы 6-шы Ислас ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Кирилл Герасименко, Айдос Кенжеғұлов пен Алан Құрманғалиев финалда Иран құрамасын 8:1 есебімен жеңді.
Қазіргі таңда ел қоржынында 18 медаль бар, оның төртеуі алтын, алтауы күміс және сегізі қола. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте 6-орында тұр.