Янник Синнер жылдың қорытынды жарысын жеңіспен бастады

Янник Синнер жылдың қорытынды жарысын жеңіспен бастады
Теннис

Getty Images

Әлемнің екінші ракеткасы Янник Синнер Туриндегі ATP жылдың қорытынды жарысын сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Италиялық спортшы алғашқы ойында канадалық Феликс Оже-Альяссиммен шеберлік байқасып, 7:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 

Ерлер арасындағы маусымның қорытынды жарысы 9 қарашада бастауын алды. жарыс 16 қарашаға дейін жалғасады.