Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы кестесі жарияланды
Хоккей
Қазақстан хоккей федерациясы
20 қарашада Қытайдың Бейжің қаласында хоккейден екінші Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Bassport.kz тілшісі.
Жарысқа Қазақстан, Қытай, Оңтүстік Корея мен Жапония құрамалары қатысады. Қазақстан құрамасының турнирдегі матчтар кестесі төмендегідей:
20 қараша, 13:00 - Оңтүстік Корея - Қазақстан
22 қараша, 16:30 - Қазақстан - Қытай
23 қараша, 13:00 - Қазақстан - Жапония
Еске салайық, былтыр тарихтағы алғашқы Азия біріншілігін Алматы қабылдап, онда Қазақстан құрамасы чемпион атанған еді.