"Иә!": Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері тұрмысқа шығады
Қысқы спорт
Денис Гладков
Мәнерлеп сырғанаудан Пхенчхан Олимпиадасының екі дүркін күміс жүлдегері, ресейлік спортшы Евгения Медведева тұрмысқа шығады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында видеомен бөлісіп, өзінің жаңа өмірге қадам басатыны туралы жариялады.
Оған сүйіктісі Ильдар Гайнутдинов шаңырақ көтеру үшін ұсыныс жасаған.
Ильдар мен Евгения 2024 жылдан бері бірге, жұп "Звездные танцы" жобасының түсірілімінде танысқан. Олар жұп екендерін осы жылдың жазында әлеуметтік желіге бірге түскен суреттерін жариялау арқылы көрсеткен болатын.