Қазақ балуаны әлем чемпионатының жүлдесіне таласуы мүмкін

Қазақ балуаны әлем чемпионатының жүлдесіне таласуы мүмкін
Күрес

UWW

Сербияның Нови-Сад қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Жарысты грек-рим күресі шеберлері бастады. 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан Нұрдәулет Қапас жұбаныш белдесуінде өнер көрсетеді. Турнир аясында ол Молдова өкілі Виталий Еременкоға жол берді. Алайда оның қарсыласы финалға шықты. Сондықтан Қапас қола жүлдеге қол жеткізу мүмкіндігіне бір табан жақын тұр. Ол үшін спортшы жұбаныш белдесуінде жеңіске жетуі керек.