Елена Рыбакинаның беделді бәсекедегі бірінші қарсыласы белгілі болды

Елена Рыбакинаның беделді бәсекедегі бірінші қарсыласы белгілі болды
Теннис

Robert Prange, Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина осы аптада WTA 500 Japan Open турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Жарыстың бірінші айналымы аясында өткен матчтардың бірінің жеңімпазы біздің отандасымызбен кездеседі. Осылайша, канадалық Лейла Фернандес пен Мария Саккари арасындағы ойында 7:6 (7:5), 6:4 есебімен аяқталды. 

Жеңіске жеткен канадалық теннисші турнирдің екінші айналымында әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакинаға қарсы ойнайды.