Еркін күрестен әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

Күрес
Olympic.kz
20–27 қазан аралығында Сербияның Нови-Сад қаласында өтетін жастар арасындағы еркін күрестен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.
Біріккен күрес әлемі (UWW) таратқан ақпаратқа сәйкес, ел намысын келесі балуандар қорғайды:
- 57 кг: Жахонгир Ахмаджанов
- 61 кг: Мерей Базарбаев
- 65 кг: Рүстем Төлен
- 70 кг: Майис Әлиев
- 74 кг: Диас Сағдатов
- 79 кг: Ерхан Әбіл
- 86 кг: Мұханбет Мәмбетов
- 92 кг: Айбек Айтбеков
- 97 кг: Ризабек Айтмұхан
- 125 кг: Бауыржан Советов
Қазақстандық жастар Сербия боз кілемінде ел намысын абыроймен қорғауды көздеп отыр.